Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет 600 млн бөлген “Қажымұқан” фильміне адам бармаған - ЖУРНАЛИСТ

15:54, 18 қазан 2024 366

Танымал журналист Сәбит Рысбаев Қанағат Мұстафин түсірген "Қажымұқан" фильмін сынға алып, мемлекеттен кеткен қыруар қаражатқа шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист аталған фильмге қатысты пікірін желідегі парақшасында жазды.

«Кеше әлеуметтік желіде режиссер Қанағат Мустафиннің кинома адам келмей жатыр деген ресей тіліндегі постын оқып қалдым. Содан Қанеке білуімше ақпарат министрлігі 600 миллион теңге бөлген деп естідім. Дәл қазір кинопрокаттарда болып жатқан “Адал Алаяқтар” киносы 3 күнде 169 миллион теңге жинады. Қырғыздардың “Жұмақ” фильмі 4 күнде Қазақстаннан 1 миллион доллар жинады. Ол кинолардың бюджеті сізден неше есе төмен екенін білесіз ба деп сұрадым.

 

Қанекең мен қосымша 65 миллион теңге салдым деп жауап берді. Мәселе сода болып тұр ғой. Ақшаның басым бөлігін мемлекет берген. Бюджеті аз “Міржақып” қанша касса жинады дегем. Мені бандап тастады.

Ошым мәселе мынада деп ойлаймын. Мемлекеттің жүрген жері осы. Ақшаны аямай бөледі. Киносына адам бармайды. Сосын отырамыз анау жаман, мынау жаман. Қазақтар кино көрмейді деп. Жекенің киносы болса жақсы шығады. Мемлекет ақшасын көбейтсе ырың жырың басталады. Неге осылай екен? Жекенің түсірген “Адал Алаяқтар” киносы 3 күнде мемлекеттен ақша бөлінген “Қажымуқан”-ды 10 орап алды», — деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?