Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мен оны ұрмадым: Мешітте қол көтерген ер адам өзін жақтап ақталып жатыр

15:46, 16 мамыр 2024 546
Мешітте "әмин" деп дауыстап айтқаны үшін ер адам намаз оқып жатқан жанды аяусыз ұрып жіберген еді. Қол көтерген ер адам ақталып "ұрғаным жоқ" деп айтты. Видео тағы да мешіт айналасында түсірілгенге ұқсайды.

Бұл кадрдан полиция өкілдерімен қатар соққыға жыққан ер адамды да байқауға болады.

«Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралып жатыр. Осыған байланысты ҚМДБ жауап бергенді жөн көрді. Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады», - деп түсінік берген Ағабек Қонарбайұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар