Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

20:50, 31 наурыз 2025 336

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты, ал Тайландта көз жұмғандар саны 18-ге жетті деп хабарлайды Alash.KZ.

Мьянмадағы жергілікті биліктің мәліметінше, 270-ке жуық адам әлі із-түзсіз. Қирау елдің орталық аймағының көп бөлігіне, әсіресе Сикайн аймағына әсер етті.

Ауқымды қирауға байланысты билік құрбандар санының одан әрі артуы мүмкін деп болжап отыр.

Reuters  агенттігінің мәліметінше,  табиғи апат Мьянманың тұтас аудандарын қиратып, көршілес Тайландқа да әсер етті. Бангкокте құлау қаупі бар зәулім ғимарат үйіндісінің астында қалған 76 адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр. Қазіргі таңда 18 адамның қаза тапқаны расталды, билік өкілдерінің айтуынша, бұл сан артуы мүмкін.  

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы елдің орталық аймақтарындағы 23 мың зардап шеккен адамға шұғыл гуманитарлық көмек жіберді. Үндістан, Қытай, Тайланд, Малайзия, Сингапур және Ресей құтқарушылар мен гуманитарлық жүктерді жөнелтіп үлгерді. АҚШ жергілікті ұйымдар арқылы көмекке 2 миллион доллар бөледі. 

Еске сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар