Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нағашысы полицей: Ақтөбеде қаза тапқан оқушының анасы Тоқаевтан көмек сұрады

11:21, 05 қыркүйек 2024 1581

Ақтөбе мектептерінің бірінде қаза болған 14 жастағы баланың анасы халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бауыр еті баласының денесін жер қойнына қимай-қимай тапсырған ана халықтан әділеттілікке жету жолында көмек беруін сұрады. 

2 қыркүйекте баламды үйден сыныптастары алып кетті. Сағат 23.00 шамасында ұлымның құлап жатқаны туралы хабаралып, оқиға орнына әкесі екеуміз бардық. Сөйтсек балам бақилық болып кеткен. 9 сынып ұлдарын 10-11 сынып балалары шақырып ұрған. Бәрі ұрып шыққан. Боксшы бала екі соққы бергенде құлаған. Күре тамыры үзіліп, басы ісіп кеткен. Қазір екі баланы ғана қамады. Нағашы ағасы полицияда істейтін бұл бала ұрса да күдіктілер қатарынан қалай шығып қалады? Бұл таныстары бар отбасы. Бізге әділдік керек. Барлық бала жазасын алсын, - деді марқұмның анасы Амангүл Раушанова.

Қаза болмастан бұрын да ұлы мектепте буллингке ұшырап, бірнеше рет таяқ жеген.

Бұған дейін де осы баланы мектеп практиканты мойнынан қылғындырып, өлтіре жаздаған еді. Тарих пәні мұғалімі сабағын практикантқа тастап кеткен. Болған жайды бізге тіпті хабарлаған жоқ. Баламды өлтірген баланы тамыр-таныс арқылы шығарып жібереді де, әлсіз екі баланы қамап тастайды. Мен оқу ағарту министрінен, бас прокурордан, президенттен көмек сұраймын. Кәнілілер жазасын алсын,- дейді анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар