Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нан бағасы кемінде 500 теңге болу керек". Депутат "халық игілігі" үшін жаңа бастама көтерді

18:47, 24 сәуір 2024 1079

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын "одан ары" шарықтатуды ұсынды. Халық қалаулысы нан бағасының 500 теңге болуы керектігін айтты. Мұның себебін көбіне ас атасының аяқ астында қалуымен, арзандығына бола қоқыста жатуымен түсіндірді деп жазады, Alash.KZ ұлттық порталы jambylinfo.kz-ке сілтеме көрсетіп.

Депутаттың сөзінше, қазір нан бағасы тым арзан. Ал, құны төмен азықтың қадірі болмайды. Сондықтан тойханаларда тойынған жұрттан қалған ас атасы қоқыста жатады дейді ол. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың басты тетігі бағаны өсіру екендігін атап өтті. 

"Шынымды айтсам, нан бағасы өте арзан. Мен өзім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісімін. Менің еккен бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр. Сол үшін нанның құны кемінде 500 теңге болуы керек. Сонда біздің ауылдың жағдайы жақсарады. Мұны халықтың қалтасы көтереді. Өйткені қазір қоқыста басқа нәрсе емес, нан жатады. Шұжық, ет өнімдері жатпайды. Өйткені ол қымбат",- деді Мейрамбек Дөненбаев.

Дөненбаевтың өзге әріптестері бұл пікірге мүлде келіспейді. Мәслихат депутаты Бақытжан Қалымбетовтың сөзінше, дотациялық облыс үшін нанның 120 теңге болғанының өзі халықтың қалтасына салмақ салады. Ал, халық қалаулысы Жұмахан Тәңкебаев ас атасының 500 теңге болуына тіптен қарсылық танытты. 

"Нан бағасын 500 теңгеге қымбаттату артық болады. Неге десеңіз, қарапайым халық үшін бұл ауырлық етеді. 2 баласы бар үй үшін оңай болуы мүмкін. Бірақ 5-6 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар үшін бұл қиын. Қалтасына әжептәуір ауырлық түседі",  -деді Жұмахан Тәңкебаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар