Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев мектептері мен университеті туралы заң өз күшінен арылған жоқ - Саясат Нұрбек

09:19, 21 маусым 2024 554

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің төңірегіндегі дау-дамайға пікір білдіріп, оқу ордасының қазіргі жай-күйіне тоқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің экс-ректоры Шигео Катсудың бұған дейін айтқан ақпаратын жоққа шығарды.

"Назарбаев университеті кеңесінің мүшесі ретінде айтарым, автономияға қатысты ешқандай өзгеріс болмайды. Назарбаев мектептері мен университеті туралы заң өз күшінен арылған жоқ, ол университетке толыққанды автономия сыйлайды, тіпті, біз осы тәжірибені үлгі тұтып, қазір барлық университеттерді тәуелсіз жұмыс істеуге итермелеп отырмыз", — деді министр.

Сонымен қатар ол университетті мемлекет есебінен қаржыландыру тоқтатылмағанын атап өтті деп жазды Dalanews.kz.

"ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі есебінен жыл сайын орташа есеппен 40-43 млрд теңге бөлінеді. Одан бөлек қазір эндаумент фонд іске қосылды, яғни бұған дейін жиналған ақшаның бәрі қолданысқа берілді", - деді Саясат Нұрбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар