Алматы, NEGE. Қазақстан альпинизмінің 93 жылдығы аясында өткен Алматыда «АЛМАТЫ-2023» Халықаралық альпиниада ережесінде бір кездері атауы «Нұрсұлтан шыңы» деп өзгертілген шыңның атауы қайтадан «Алматы шыңы» деп жазылғаны белгілі болды.
Биіктігі 4376 метр болатын шыңның тарихына көз жүгіртсек, 1930-1935 жылдары «Алматы шыңы» деп аталған екен. 1935 жылдан 1997 жылға дейін «Комсомло шыңы» деген атауға ие болған. Ал 1997 жылы сол кездегі президент Н.Назарбаевтың айналасындағылар «Нұрсұлтан шыңы» деп атап жіберген.
Экс-президент аттан түспей тұрғанда жыл сайын 6 шілдеде – Н.Назарбаевтың туған күнінде альпинистерді осы шыңға өрмелету дәстүрге айналған еді.
Міне, осылайша экс-президентке байланысты тағы бір атау ың-шыңсыз өзгертілгені белгілі болды. Ендігі кезекте не тұр?..