Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев университетінің ақшасына да, еркіндігіне де тиіспейміз - МИНИСТР

14:04, 21 мамыр 2024 416

Қазақстанның Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсудың мәлімдемесіне жауап қатты, деп хабарлайды Alash.kz.

Катсу "оқу орнының академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр" деген болатын. Саясат Нұрбек: 

– Біріншіден, қазіргі таңда Үкімет және біздің министрлік тарапынан Назарбаев Университетінің әлеуетін сақтап қалу, академиялық дербестігін сақтап қалу әрекеттері жасалып жатыр. Жауапты түрде мен сізге айтайын: Назарбаев Универитетінің қаржыландыру сұрақтарына, академиялық сұрақтарына ешқандай Үкімет тарапынан шектеу немесе тоқтату болмайды, – деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр оқу орнына жаңа басшы іздестіріліп жатқандығын баяндады. 

– Жақын арада жаңа президенті тағайындалады. Өте мықты, тәжірибелі маман іздеп жатырмыз, – дейді ол.

Саясат Нұрбек оқу орнының әлеуетін көтеру басты мақсат екенін айтады. Сөзінше, мүмкін бірнеше тиімсіз бағыттар жабылуы мүмкін, бірақ негізгі қолдау еш өзгермейді дейді ол.

– Халықаралық стандарттарға сай, толыққанды зерттеуші оқу орны – Назарбаев Университеті. Жақында Times Higher Education - THE халықаралық рейтингі шыққан. Сона НУ Қазақстанда, Азиядағы жақсы университеттердің ішінде бірінші орында тұр, – дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар