Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нығматулинге қарасты зауытта болған апат салдарынан бір қызметкер қаза тапты

11:22, 23 шілде 2024 672

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жағдайдан зардап шеккен қызметкердің бірі көз жұмды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

https://t.me/nehabar арнасының хабарлауынша, пештен шыққан жалын шарпып, түрлі дәрежеде күйік шалған барлық 8 науқас күйікпен ауруханаға жеткізілді. Олардың алтауының жағдайы өте ауыр.

Төтенше жағдай үш күн бұрын пештен жалынның кенеттен шығуы нәтижесінде болды. Марқұмның денесінің 85 пайызын қатты күйік шалған, ол реанимацияда болған.

Жергілікті дәрігерлерге кеңес беру және көмек көрсету үшін Қарағандыға жетекші шетелдік мамандар да келген. Атап айтқанда,Ресейден күйік хирург-комбустиологтары келді. Сондай-ақ Израиль мен Түркиядан келген дәрігерлердің онлайн-консультациялары болды.

Еске сала кетейік,2024 жылдың 20 шілдесінде, таңғы сағат 04:10-да ydd Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Оқыста №1 пештен жалын шығып, нәтижесінде кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі дәрежедегі жарақат алды.

"Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетеді және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста болады", -  деп сендірді YDD.

YDD Corporation ферроқорытпа зауыты Қарағандыда орналасқан. Жылына шамамен 240 мың тонна ферросилиций өндіреді. "YDD Corporation" ЖШС құрылтайшысы компанияның тең иесі Ерлан Нығматулин болды. 2021 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің рейтингіне кірді.

Қазір жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар