Илон Маск ұлды болды. Баланың аты – Селдон Ликург. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.
Баланың анасы – SpaceX және Neuralink-тің бұрынғы қызметкері - Шивон Зилис. Бұл миллиардер мен Зилистің төртінші ортақ баласы.
Зилис олардың үшінші ортақ қызының есімін де жариялады – бір жасқа толған бүлдіршінді Аркадия деп атаған.
Осылайша, Маск төрт түрлі әйелден кемінде 14 баланың әкесі. Оның тұңғышы канадалық жазушы Джастин Маскпен некеде туған, бірақ сәби кезінде шетінеп кеткен. Кейінірек бұл жұп егіздер мен үшемді дүниеге әкелді.
Сондай-ақ, миллиардер Граймс есімді әншімен үш баланы тәрбиелеп отыр, олардың ішінде атышулы X Æ A-Xii-де бар.
Бұған дейін америкалық жазушы және блогер Эшли Сент-Клэр Илон Маскты сотқа беріп, оның әкелігін ресми түрде мойындауды талап еткен. Әйел миллиардермен қарым-қатынаста болғанын және сол романның нәтижесінде ұл бала дүниеге келгенін мәлімдеген.
Ол баланың ресми түрде Масктың ұлы деп танылуын және оған жалғыз өзі қамқоршылық етуді талап етуде.