Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өз қауіпсіздігіңізді ойлаңыз". Ресей түрмесіндегі Қазақстан азаматтары соғысқа тартылды ма?

18:58, 29 сәуір 2024 508

Сыртқы істер министрлігінің ресми Айбек Смадияров Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандықтар Украинадағы соғысқа қатыспағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды alash.kz.

СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында журналисть Айбек Смадияровқа "Қазақстанның Бас прокуратурасына бір топ ата-ана келіп, көмек сұрады. Олар балаларының Ресей қалаларындағы түрмелерде жатқанын айтты. Олардың үстінен нашақорлық бойынша (қылмыстық) іс қозғалған. Осылайша, олар қамауда отыр. Ата-аналар (Ресей тарапы) балаларының соғысқа үндеп жатқанын айтады. Олар Қазақстан билігінен балаларының үстінен қозғалған істерді осында әкеліп, қарауды сұрайды. Кейінгі уақытта осындай ата-аналардың көбейгені байқалады. 2 жылда 100-ге тарта адам осындай іспен қамалған. Министрлік жағдайға түсінік бере ала ма?" деген сауал жолданды.

 
Ресми өкіл Қазақстан тарапы мәселені білетінін жеткізді.

"Сіз 100-ге тарта адам деп айттыңыз. Ол – жалған ақпарат. (Есірткі сатқаны үшін сотталған Қазақстан азаматтарының саны – автор) 10 адамнан аспайды. Бұл фактінің бәрін білеміз. Бұл азаматтар жұмысты Telegram арналардан немесе әлеуметтік желіден тапқан. Олар қайда баратынын, не істейтінін білген. Туыстарымен (Ресейдегі) Қазақстан консулдары байланыста. Олар бірнеше рет қазақстандықтармен кездесті. РФ Сыртқы істер министрлігі, жергілікті билікпен байланыстамыз", - деді Айбек Смадияров.

Ол Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинадағы соғысқа жіберілмегенін айтты.

"Ресей түрмелерінде отырған Қазақстанның бірде бір азаматы (Украинадағы – автор) соғысқа әкетілген жоқ. Бірде бір факті тіркелмеді. Оны 100 пайыз растай аламыз", - деді ресми өкіл.

Айбек Смадияров әлеуметтік желідегі жарнамаларға сенбеуге шақырды.

"Әлеуметтік желіде немесе Telegram-дағы арналарда Ресейде жұмыс істеу ұсынылып жатса, оны мұқият тексеріңіздер, өз қауіпсіздігіңізді ойлаңыздар", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар