Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Пәтерге де, көлікке де ақшаны өзім табамын". Париж олимпиадасының күміс жүлдегері ағынан жарылды

17:36, 14 тамыз 2024 4533

Париж Олимпиадасы аяқталғаны кей жүлдегерлер марапатқа ие болып, пәтер кілтін алып, темір тұлпар тізгіндеп жатыр. Дегенмен ұлттық ақпарат кеңістігінде ел қоржынына күміс медаль салған гимнаст Нариман Құрбановтың мұндай бағалы марапаттардан құр қалғаны жазылып, талқыға түсті, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.

Спортшының өзі де бұл мәселеге қатысты жеке ойын айтты. Tengri Sport порталының өкілдері гимнастпен сұхбат құрып, пікір алысты:

«Иә, жұртшылықтың осындай пікірлерін оқып жатырмын. Жанкүйерлеріме осындай қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Бірақ алуым тиіс дүниенің бәрін алатыныма, уақыты келетініне сенімдімін. Қажет болса ақшаны еңбектеніп табамын. Қазіргі өміріме ризамын, бақыттымын», -дейді Нариман.  

Спортшы сый-сыяпаттан құр қалса да, халықтың қошаметіне бөленгеніне қуанышты:

«Алматыға келгенде камерасын көтерген тілшілер, жанкүйерлер, жақындарым қарсы алды. Қайда барарымды, не істерімді, не айтарымды білмей қалдым. Бірақ кездесу жақсы өтті. Достарым мен туғандарым келді, сондықтан ризамын. Қазір көшеде көрген жұрт танып жатыр. Бәрі жақындап, суретке түскісі келеді. Жанкүйерім көп болмағандықтан әрқайсына уақыт бөліп, асықпай суретке түсемін», - дейді ол.

Айта кетейік, Нариманның әкесі әрі бапкері Хусанжан Құрбанов та 20 жыл өмірін гимнаст ретінде спортқа арнап, 40 жыл ғұмырын бапкерлікке жұмсаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар