Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодар облысында тасқыннан зардап шыккедерге салынған үйлерден ши шықты

14:00, 14 қазан 2024 383

Осылай деген белгілі блогер Оңғар Қабден көктемгі су тасқыны кезінде баспанасыз қалған адамдарға салынған үйлерден ши шыға бастады, деп жазды дейді Alash.KZ. 

Павлодар облысының Жалаулы ауылындағы алты үйді салған Ақтоғайлық кәсіпкер Александр Терентьев “Парасат” орденінің иегері. Бірақ мемлекет берген ақшаға жерлестеріне сапалы қылып үй салып беруге пайымы жетпеген сияқты. 

Үйлердің іргесі көгеріп, төбесінен су кіре бастаған. Ауылға әлі арқаның ақ жауыны келген жоқ. Сіркіреп өткен жаңбырдан соң төбені жапқан плита астынан су сорғалайды. Шелектеп құйса қайықпен жүретін шығармыз дейді қоныс тойының қуанышы су сепкендей басылған Жалаулылық тұрғындар. Енді олар қыста қайда барамыз деп қорқып отыр. Себебі, бұл үйлер осы жылдың шілде айында пайдалануға берілген болатын.

Блогердің айтуынша, былтыр “Құрмет” алған облыстық мәслихат депутаты, “Аманат” партиясының мүшесі, танымал бизнесмен Виталий Соломкин Баянауыл ауданындағы өзі салған жолды өзінің ауыр жүк көліктерімен жүріп істен алғысыз қылған көрінеді. Баянауылдық белсенділер бұл мәселені талай көтерген. Бірақ жол сол күйінде.

Осы жақында Қарқаралы мен Баянауыл шекарасындағы өртке барған төтеншеліктер осы жолмен барған. Әбден титықтаған. Бұған Павлодар облысының әкімшілігі не дер екен? деп жазды О.Қабден.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?