Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда депрессияға ұшыраған жүкті әйел өзенге секірмек болды (ФОТО)

18:30, 28 маусым 2024 445

Павлодар облысында полицейлер жүкті әйелді өзенге секіргісі келген жерінен құтқарып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бүгін сағат 06:58 шамасында 102 операторының пультіне Усолка өзенінің көпірінде әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келген.

«Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерқанат Құбайдолла мен Жақсылық Мұсабаев дереу жетті. Біз келгенде, қыз күйзеліске ұшыраған, көздері жасқа толы болып, қоршаудың артына көтерілуге үлгерген, осы уақытта біреумен эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрған. Алыстан біз оны сөзге тартып, оған бұлай істеу дұрыс шешім емес екеніне сендірдік, туыстарының қандай жағдайда болатын түсіндіріп көрдік. Содан жанына жақындап, оның қолынан ұстап, көпірдің қауіпсіз жағына қайта көтерілуге көндірдік. Біз үшін онсыз да үмітсіз тұрған қыз баланы қорқытып алмау маңызды болды. Себебі, бір секундтың ішінде орны толмас оқиға орын алуы мүмкін еді», – деді қызмет инспекторы Ерқанат Құбайдолла.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар