Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Педагогтердің биылғы аттестаттаудан босатылатыны хабарланды

09:22, 10 сәуір 2024 412

Тасқын су салдарынан зардап шегіп,  баспанасыз қалған педагогтер биылғы аттестаттаудан босатылатын болды, деп хабарлайды Аlash.KZ ұлттық порталы. 

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдерінің хабарлауынша, төтенше жағдай жарияланған өңірлердің педагогтердің білімін бағалау министрлік белгілеген жекелеген мерзімде өтеді. Жалпы биыл жаңа ережелері бекітілмек. Атап айтқанда, биылдан бастап 30 жылдан астам педагогикалық өтілі бар мұғалімдер білімін бағалаудан босатылады. Бұдан бөлек "педагог-тағылымдамашы", "педагог" санаттары алынып тасталды. Ал педагог білімін бақылау қағидаларын бұзғандар бұрынғыдай бес емес, бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді. Педагог білімін бағалау нәтижесінің шекті деңгейлері де әртүрлі. 

Орайы келгенде айта кетейік, биылғы жаңа ережелерге 15 норма қосылған. Оны әзірлеуге 50-ден аса сарапшы қатысты. 2025 жылы арнайы ұлттық платформа енгізіледі. Оның негізінде мұғалімдерді аттестаттау процесі автоматтандырылып, одан әрі жетілдіріледі.

"Олардың сабақ беруге уақытын үнемдеу, сабақ беруінің деңгейін көтеру. Бұл түптеп келгенде педагогтің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында жүргізіліп отыр".Әдістемелік орталықтың педагогтарды кәсіби дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Рамазанова

Биыл еліміз бойынша аттестаттаудан 150 мың педагог өтеді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін педагог қызметінің барлық нәтижесі келер жылы іске қосылатын ұлттық платформада жинақталады. Айта кету керек, өткен жылғы тест нәтижелері биылғы аттестаттаудан өту кезінде ескерілетін болды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар