Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қай өңірлерде жол жабылды?

08:53, 07 қараша 2024 372

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сілтеп.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық.

 
 
 
 

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.

Айта кетейік, дауылды ескертулер мен ауа райының нашарлауы кезінде ҚР ТЖМ мыналарды ұсынады:

  • алыс сапарлардан аулақ болу;
  • ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ жаяу сапарлардан бас тарту;
  • елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
  • жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын жинамау;
  • мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?