Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Боранбаев үндеу жасады

05:50, 13 қаңтар 2023 291
 


Квазимемлекеттік сектордан аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алынған Дариға Назарбаеваның құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаев үнсіздікті бұзып, «бар шындықты айтуға» шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Бұл туралы Қайрат Боранбаев Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Достар, баршаңызға сәлем! Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылдың 17 наурызында маған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бірақ бұл шара ұзаққа созылып кетті. Мен қазір 11 ай бойы қамауда отырмын. Осы уақыт ішінде мен туралы көп ақпарат айтылды. Олардың көпшілігі шындыққа жанаспайды, ұлғайтып көрсетілген. Сондықтан мен үнсіздікті бұзып, бәрін бір адамның аузынан айтуды жөн көрдім. Осы және барлық алдағы жазбаларды қызым жариялайтын болады. Мені мыңдаған адам қолдайтынын білемін. Қолдауларыңызға рахмет!», -  делінген үндеуде.

Айта кетейік, кәсіпкер Қайрат Боранбаев және оның сыбайластары «QazaqGaz» ұлттық компаниясына газ сату кезінде 14,6 миллиард теңгені иемденді деген күдікке ілінген. 10 қаңтарда Қайрат Боранбаев ісі бойынша куәгерлерден жауап алу басталды.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар