Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қастандық па, өзіне қол жұмсау ма?". Астанада 19 жастағы жігіттің жұмбақ өлімі

19:00, 19 қазан 2024 687

Астана қаласында 19 жастағы жасөспірім жұмбақ жағдайда қаза тапты. Оның денесі 13 қазан күні тұрғын үй кешенінің жанынан табылған. Марқұмның табылған орнында өлім болғанын айғақтайтын деректер әлі жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Полиция марқұмның тоғызыншы қабаттан құлауы мүмкін екенін ескеріп, қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүргізіп жатыр.

Марқұмның отбасы болса, Медеттің қатыгездікпен өлтірілгеніне сенімді. Марқұмның анасы ұлын төрт адамның биіктен лақтырғанын айтады, әділ тергеуді талап етеді.

Сонымен қатар, анасы Медетті алкоголь  ішпегенін мәлімдейді, оны арақ ішкен деп айыптауның қисынсыз екенін айтады.

Сол кешеннің тұрғыны Әбдікәрім Рамазан күдіктілерді білетінін және олардың қылмысқа қатысы бар екеніне сенбейтінін айтты.

Полиция оқиғаның барлық қатысушылары анықталғанын айтты және тараптардың айғақтарын, соның ішінде отбасының дәлелдерін мұқият тексеруге уәде берді.

Медет Қостанай облысының тумасы, бірақ Астана қаласында білім алған. Марқұмның денесі Қашар ауылына қойылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар