Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қырғыз бен қарақалпақта бар". Депутат "тоғызқұмалақ" ойынының атауын өзгертуді ұсынды

19:17, 29 мамыр 2024 472

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова тоғызқұмалақ спортының атауын өзгертуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

"Бүгінде тоғызқұмалақ ойынын негізінен қазақ және қырғыз халықтары бәсекелесе дамытып отырғанына орай, ойынның негізгі екі атауы орнығып отыр: қазақша – тоғызқұмалақ, қырғызша – тоғызкөргөл, ішінара түрікше - мангала/гечюрме аталады. Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде, ойынның аты "тоғызқұмалақ" аталады да, Қырғызстан жағы жарыс ұйымдастырғанда, бұл ойын "тоғызкөргөл" болып шыға келеді. Осылайша, түркі халықтарының бір ойыны әлемдік аренада екі түрлі аталып келеді. Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірі бойынша бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол – тоғызат", - деді депутат. 

Сонымен қатар, бұл туралы этнограф Г.Загряжскийдің жасаған еңбегі арқылы ойынның атауы XIX-ғасырда "Тоғызат" аталғаны мәлім болып отыр.

"Осылайша, тоғызқұмалақтың бұрынғы атауы "Тоғызат" екендігін білдіретін Қарақалпақ және Қырғыз елдеріннің ойындарының атауына кездестіруге болады. Осы деректерді ескере отырып, алдағы V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік бұл зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен "Тоғызат" атауын қалыптастыру шараларын қолға алуды ұсынамыз", - деді Гүлдара Нұрымова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар