Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонаев пен Назарбаевтың жеке күзетін басқарған ҰҚК экс-төрағасы Назым Қызайбайға орден тақты (ВИДЕО)

15:05, 26 тамыз 2024 2162

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ерекше марапатқа ие болды. Спортшыны Дінмұхамед Қонаевтың және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке күзетін басқарған, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев марапаттады. Бұл туралы 1bol.kz сайты хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Біздің қызымыз, жерлесіміз, Олимпиададан қола медаль алып келіп отыр. Арнайы Дінмұхамед Қонаевтың орденін жасадық. Соны қымызыдың кеудесіне тағып отырмыз», - деді Амангелді Шабдарбаев.

Айта кетейік, 50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юден жеңілді.

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды. Бұған дейін ол әлемнің екі дүркін чемпионы атанған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар