Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайда ер адам “сезіміммен ойнады” деп полицияға қызының үстінен арыз жазды

14:15, 01 қазан 2024 260

Қызылорда қаласында ер жігіт өзімен “ойнаған” қыздың үстінен арыз жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Stan.kz мәліметінше,, жігіт пен қыз бір-бірін аса танымайды, екі күн бұрын танысқан екен. Сөйтіп қыздың басқа біреудің көлігінде отырғанына ашуланып, полиция шақырған. Қыз полицияның келіп тұрғанын видеоға түсіріп алыпты.

"Полиция қызметкерлері Қызылорда тұрғынының арызы бойынша тексеріс жүргізді,  қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың болмауына байланысты, сондай-ақ тараптардың арыз беруден бас тартуына байланысты материал қараусыз қалдырылды", – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткен полицияға түсініктеме жазған екен, онда арызданушымен бір күн бұрын  танысқанын және досының көлігінде отырғанын, жігіт сол кезде қызғанып шу шығарғанын айтты. Осыдан соң жігіт полицияға хабарласқан екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?