Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылордалық 85 жастағы қария 34 жылда 2 миллион тал еккен

14:34, 25 тамыз 2024 1180

Қызылордалық 85 жастағы қария 34 жылда 2 миллион тал еккен деп хабарлайды Alash.kz .
Бектай Сүлейменов күн сайын 8 гектар жерді айналып, ағаштарға күтім жасайды. Шыбық егеді, суарады, шөбін отайды. Облыс орталығынан әуежайға бара жатқан жолдағы ағаштардың бәрі қарт бағбан өсірген көшеттерден шыққан.

«Қызылорданың топырағы тұзды. Мұнда ағаш ексең өліп қалады дейді көбі. Бірақ ол жалқаудың сөзі. Қылқан жапырақтыларды 11 жыл бұрын ектім. Қазір 5 метрге дейін өсті», – дейді қарт бағбан.


Қарияның сөзінше, Сыр өңірінің табиғи жағдайында көшетті күзде егудің қажеті жоқ. Сондықтан ол әрбір талды көктемде егіп, көктетіп жіберуге болатынын айтады.

«Ал жазда қылқан жапырақты ағашты ексең болады», - деп кеңес берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар