Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Саясаттың ойыншығына айналдың". Тапсырыспен АЭС-ті қолдағаны айтылған Ғұсман Қырғызбаев елді ызаландырды

10:47, 26 қыркүйек 2024 368
 
 

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев елдің кәріне ұшырады. Спортшы АЭС-ті қолдап жазба жариялаған, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы  1bol.kz порталына сілтеп. 

Дзюдошы көптеген елде АЭС-тің бар екенін және оның сенімді энергия көзі екенін алға тартқан.

«Елді аралап жүріп, энергия мәселесін жиі естимін. Біздің экономикамыз тұрақты болуы үшін сенімді энергия көзі қажет. Егер заманауи шешімдер экологияға зиян келтірмесе, неге оларды қарастырмасқа? Қарап отырсам, көрші елдердің барлығында дерлік АЭС бар. Көрші өзбек бауырларымыз да АЭС-ті қолдап отыр. Түркия тіпті аяқтауға жақын қалыпты. Бұл дегеніміз - энергияның тапшылығының алдын алу. Біз де дұрыс шешім қабылдауымыз керек», - деп жазды Ғұсман.

Спортшының оқырмандары мұның тапсырыс екенін түсінгенімен, Ғұсманға жазбасын өшіріп тастауға кеңес берген.

«Ғұсман, кеше ғана Олимпиада жүлде алып, халықты қуантып едің, бүгін саясаттың ойыншығы болып жатсың. Спортыңмен айналысып жүре берсейші»,  «Депутат болуға мүмкіндік туып жатыр ма», «Не үшін? Ғұсман, сіз керемет спортшысыз, спортшы болып қала беріңізші», «Мәжбүрлейді, түсінеміз», «Бұлар осылай спортшының абыройын құртады», - деп жазды оқырман.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар