Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Самат Әбіш құшақ жая қарсы алды". Айыбын "ақшамен жуған" Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

11:23, 04 қыркүйек 2024 822

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Қайрат Сатыбалды бұған дейін сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған болатын. Алайда  сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініші мен күшіне енген үкімін қанағаттандырды.

Ол қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді ол Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.

Түрмеден оны шартты түрде 8 жыл мерзімге жаза алған інісі Самат Әбіш күтіп алғаны белгілі болды. Бұл жайлы Журналист Михаил Козачковтың жазды:

«Бүгін сот оның мерзімінен бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сөйтіп, қаржы жымқырды деп 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты. Қалған 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімінде ол Алматы қаласында пробациялық бақылауда болады. Оны колониядан інісі Самат Әбіш қарсы алды. Ол да билігін асыра пайдаланғаны үшін 8 жылға шартты түрде сотталған», – деп жазды журналист.

Айта кетейік, өтінішхатын Өскемен қаласының №2 соты қараған.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылы наурызда қамалды. Ол «Қазақтелеком» және «Көлік сервис орталығы» компанияларынан ақша жымқырды деген айыппен 6 жылға сотталып, түрмеге қамалған. Қазақстан билігі Қайрат Сатыбалды мемлекетке 700 миллиард теңгеден астам ақша мен мүлікті өз еркімен бергенін мәлімдеді. Соның арқасында шартты түрде босап шықты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар