Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сахнаға мас күйінде шыққан әншілерге енді мықты жаза түрі қолданылмақ

12:14, 16 мамыр 2024 582

Мәдениет және ақпарат министрлігі енді сахнаға мас күйінде шыққан әншілерге жаза қолданбақ, деп хабарлайды Alash.kz.

Заңнамада ішімдік ішіп, психотроптық заттар қолданған әр жеке тұлғаға қомақты көлемде айыппұл салынатынын хабарлады. 

Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында көрермендермен қарым-қатынас кезінде әртістердің нормативтік емес лексиканы қолдану, алкогольдік ішімдіктерді ішу, алкогольдік және/немесе есірткілік масаң күйде болу, сондай-ақ психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының әсерінен орын алатын мінез-құлқын танытқаны үшін жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға айыппұл салынады, - делінген заң жобасында.

Министрлік жеке тұлғаларға 150 АЕК (553,8 мың теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 млн теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынып отыр.

Бір жыл ішінде осындай бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738,4 мың теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 млн теңге) көлемінде айыппұл салуды заңмен бекітеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар