Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жұмыс қарқынын тексерді

19:46, 25 шілде 2024 395

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынының зардаптарын жою және зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу қарқынын тексерді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұланды ауданы әкімдігінің мәліметінше, облыста су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда. Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандарында 166 зардап шеккен отбасылардық тұрғын үйлері бойынша құрылыс жоспарланған. Бұланды ауданы – 115 үй. Вознесенка ауылында 16 үйдің құрылысы басталды, мердігер «МарСам» ЖШС.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 6 үйге арматураны байлау және қадаларды бұрғылау жұмыстары басталып кеткен. Учаскеде қазіргі уақытта 3 бірлік арнайы техника және 25 жұмысшы тартылған, дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша жұмыс күші жұмылдырылады.

Министр жоспарланған кестеден ауытқымай құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.

Бұл ретте инфрақұрылымды тез арада қалпына келтіруді және тұрғындарды жаңа баспанамен жуық арада қамтамасыз ету маңызды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар