Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шошқаның бүйрегін өзіне трансплантациялаған ер адам 2 айдан кейін көз жұмды

13:16, 12 мамыр 2024 1535

Ричард Слейман 62 жасында наурыз айында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Хирургтар, шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан еді. 

Массачусетс жалпы ауруханасының трансплантациялау тобы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру операциясынан өткен алғашқы тірі адам болды.

Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын. Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар