Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Солтүстік Қазақстан тұрғыны 500 теңге үшін анасын ұрып өлтірді

09:28, 26 қазан 2024 652

Солтүстік Қазақстан облысында өз анасын 500 теңге беруден бас тартқаны үшін ұлының өлтіріп тастағаны хабарланды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы Halyq Uni-не сілтеп. 

Мағжан Жұмабаев ауданының Полудино ауылында 62 жастағы әйелдің мәйіті 49-дағы ауыл тұрғынының үйінен табылды. Сараптамаға сәйкес, әйелдің өлімі бауырдың жарылуынан, ішке қан кетуден, кеуде және іш жарақатынан болған, - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм сол күні зейнетақы алып, құрбыларына барған. Кейін ішімдік ішкен баласы келіп, анасынан 500 теңге сұраған. Әйел ақша беруден бас тартқан. Сол жерде ер адам оны аясыз соққыға жығып, кетіп отырған.

Алған ауыр жарақаты салдарынан әйел сол жерде көз жұмды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар