Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының көптен күткен жинағы жарық көрді.Бұл – «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» деп аталатын 12 томдық архив құжаттары.Жаңа басылым – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында жиналған бірегей архив құжаттарынан тұратын жинақ.Бұл жинақты дайындауға 30-дан астам тарихшы, архивші және археограф атсалысты. Олардың қатарында ҚР Президенті архивінің, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері бар.Жобаның ғылым жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев.Басылымға партиялық-мемлекеттік құрылымдарда және арнаулы мемлекеттік архивтерде арнайы сақталған 3 мыңнан астам материал енді.Оның ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов және басқа да қайраткерлер өмірінің бұрын беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар.2 мың данамен жарық көрген жинақ еліміздің оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне таратылады. Осылайша, Қазақстан тарихын одан әрі зерделеу және елдің тарихи жадын сақтап, нығайту тұрғысынан өте маңызды және аса құнды бірегей материалдар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.Жалпы, 2020-2023 жылдары жұмыс істеген Мемлекеттік комиссияның қызметіне 425 ғалым, оның ішінде аймақтардан келген 260 зерттеуші жұмылдырылды. Үш жылдың ішінде 60 мемлекеттік және ведомстволық архивтен 700 мыңға жуық іс жиналды, 2.6 миллионға жуық материал мен құжаттың құпиялығы алынып тасталды, саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болған 311 мыңнан астам адам ақталды, деп жазды ол.
Сүйінші! Алаш қозғалысының тарихына қатысты 12 томдық жарық көрді

“Табысты бөлісе алмай, балғамен ұрып, өртеп жіберген”. Күдікті кәсіпкер жайлы сұмдық дерек шықты
22:47, 02 сәуір 2025 754
“Іздеп жатыр екенсіздер”. Қайрат Нұртас әйелі екеуіне қатысты қауесетке нүкте қойды (ВИДЕО)
20:20, 02 сәуір 2025 1653
“Басына соққы тиген”. Павлодарда ер адам моншада соққыға жығылып, көз жұмды(ВИДЕО)
18:55, 02 сәуір 2025 880
“Мақтанамын”. Мақпал Жүнісованың қызы IELTS-тан 8,5 ұпай алып, жоғары нәтиже көрсетті
17:31, 02 сәуір 2025 2266
“Айгүл Иманбаева қандай келін?”: Актрисаның енесі келіні жайлы бар шындықты айтты
10:00, 02 сәуір 2025 2225
“Балғамен ұрып өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген”. Алматы облысында мәйіт табылды
09:05, 02 сәуір 2025 1858
Полицейлер шопанның басына пакет кигізіп, жыныс мүшесін ұстап, аяусыз қинаған
20:30, 01 сәуір 2025 3099
Заңсыз қоқыс төгетін орындар бар: Жаңа адамдар тағы бір былықты әшкере етті (ВИДЕО)
18:00, 01 сәуір 2025 151
Дәулет, депутаттық этика қайда?: Іш киімін көрсеткен Мұқаев елге жақпай қалды
16:00, 01 сәуір 2025 657
Жүкті әйелдің мәйітін жертөледен тапқан: Іс туралы сұмдық ақпарат шықты (ВИДЕО)
15:00, 01 сәуір 2025 1371
Өкінішті: Көлік жүргізушілерін жаппай жылатып, көңілдерін түсіретін жаңалық шықты
13:00, 01 сәуір 2025 864
Танымал каратэ жаттықтырушысы 2 жыл бойы үш шәкіртіне зорлық көрсетіп келген
11:30, 01 сәуір 2025 1373
Кешіккені үшін ұрып тастады: Блогер өміріндегі қиындық тудырған сәттерімен бөлісті
10:39, 01 сәуір 2025 593