Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық: Алматыдағы балабақшаның бірінде ұрып-соғу әрекеті орын алды (ФОТО)

11:55, 02 тамыз 2024 576

Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінде тыныштық сағаты кезінде кішкентай қызды ұл бала ұрып тастады. Зардап шеккен қыздың ата-анасы балабақша басшылығын жауапқа тартуды талап етуде, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«NewTimes.kz» ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 24 шілде күні орын алған. 

Жантүршігерлік оқиға Щепкин көшесі, 73 мекенжайындағы балабақшада болған.

«Балабақшаға келіп, бірден қызымның беті мен еріндері ісіп кеткенін, көгергенін, ауыз қуысында үлкен гематома пайда болғанын, ал бетінің оң жағы ісініп, жансызданғанын байқадым. Қызым бірден жылай бастады, не болғанын айта алмады, себебі ол енді-енді сөйлеуді үйреніп жатыр.

Тәрбиеші мен күтуші бұл соққылардың қайдан пайда болғанын түсіндіре алмады (олар мұны тіпті байқамаған), қасындағы балалар Т. есімді ұлдың оны ұрып тастағанын айтты.

Мен дереу 103 және 102 нөмірлеріне қоңырау шалдым, өйткені қызымның алғашқы медициналық көмегі көрсетілмеді. Дәрігерлер бас пен еріннің жұмсақ тіндерінің жарақатын анықтады», - деп әйелдің сөздерін келтірді Halyqstan Telegram-арнасы.

Бейнебақылау камералары ұрып-соғу әрекетін түсіріп алған. Кадрларда ұл бала 30 минут бойы ұйықтап жатқан қызды жұдырығымен беті мен денесіне ұрғанын көруге болады.

Тәрбиеші бөлмеге кіргенде ғана бұл сұмдық тоқтайды.

«Балабақша қызметкерлерінің барлығының реакциясын көрсеңіздер ғой, олар ештеңе істемеді, тек мені және күйеуімді тыныштандыруға тырысып, болған жағдайды жабуға ұмтылды. Ұл баланың ата-анасы мен балабақша әкімшілігімен сөйлесу кезінде және ұлды балабақшадан шығару талабымызда, олар баланы шығара алмайтындарын,керісінше олап біздің қызымызды басқа жаққа алып кетуге кеңес берді, себебі олардың баласы бір жыл бойы келіп жүр, ал біздің баламыз жақында ғана келген.

Бес күн өткеннен кейін балабақша басшылығы, қызметкерлері біздің қызымыздың жағдайы туралы сұрап бірде-бір рет қоңырау шалмады, барлық ата-аналармен жиналыс ұйымдастырмады және оларға болған жағдайды хабарлаған жоқ",- деді жәбірленушінің ата-анасы.

Ол өз талабында балабақша басшылығының жауапқа тартылуын талап етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар