Таразда жалдамалы пәтерден 34 жастағы полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Тұрғын үй иесі пәтерді қабылдауға келген кезде қорқынышты көрініске тап болды — полицей асылып қалған, деп хабарлайды Alash.kz.
HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, 34 жастағы полиция қызметкері пәтерді 30 наурыз кешке бір тәулікке жалға алған.
Сондай-ақ марқұмның денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағаны айтылған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша “Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Оқиға орнына жедел түрде полиция департаментінің басшылығы мен тергеу-жедел тобы барды. Болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.