Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: 34 жастағы 4 баласы бар ана тағы да үшем дүниеге әкелді

11:54, 15 тамыз 2024 918

Қандыағаш қаласының 34 жастағы тұрғыны Гүлсая Қалжанова дүниеге үшем әкелді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Nur.kz сайтына үшемнің анасы сұхбат берді. Ол өз әңгімесінде 7 тамызда Ақтөбедегі перинаталдық орталықта үшем өмірге келгенін айтты.

Үшеуі де ер бала. 2100 гр, 2400 гр, 2500 гр болып туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Гүлсая Қалжанованың қуанышында шек жоқ. "Үйде төрт балам бар. Енді жеті бала. Менің әкем мен анам жағынан да егіз бар. Бірақ үшем болған жоқ. Қуанып жатырмыз. Алты апталығында үшем екенін білдік. Қуанғаннан жылап та алдық. Мен өзім үйде екі қыз болып өстім. Көп балалы болуды армандадым. Күйеуге шыққан кезімде "кілең ұл туамын" деп айтатын едім. Сол сөзім қабыл болған шығар. Алты ұл, бір қызым бар. Жолдасым да балажан. Біздің шыққанымызды асыға күтіп отыр", - деді көпбалалы ана.

Ол Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласынан. Балалардың әкесі теміржолшы, анасы аудандық әкімдіктің қызметкері. Балаларының үлкені 13 жаста. "Біз бақыттымыз. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. 20 жасымда тұңғышым өмірге келді. Әр бала – үлкен қуаныш", - дейді келіншек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар