Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал ақын әкесінің жүз жылқысы жоғалып кеткенін айтып дабыл қақты

08:45, 15 тамыз 2024 402

Әдеби ортаға жақсы таныс ақын әрі журналист Танагөз Толқынқызы әкесінің 100 жылқысы жоғалғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews. сайтына сілтеп.

Әлеуметтік желіде отбасының басына түскен іс туралы жазба жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Танакөз Толқынқызының жазуынша, оның әкесінің жылқысын бағып жүрген жылқышысы сатып жіберген көрінеді.

«Тура әкемнің 70 жылдық тойын өткізуге 1 күн қалғанда адамды естен тандыратын бір жаңалық естиміз. Сол жоғалған жылқыларымыздың он шақтысы  ауыл адамдарының үйінде жүр екен. Шешем учасковыйды ертіп алып әлгі адамдардың үйіне барса, ол адамдар ол жылқыны біздің жылқышыдан сатып алғанын айтады. Тағы біреуін ауылдың бұрынғы учасковый ментінен сатып алған. Сонда бұл ұйымдасқан қылмыс болып тұр ғой. Бұрынғы мент – бүгінгі ұры болып шыққаны ма? Біз оны жұттан қырылып қалған шығар деп жүрсек! Жылқышы оны шімірікпестен ауыл адамдарына сатқан. Әкем шырылдап, «жылқы жоғалды, әр жоғалған жылқыға 100 мың теңге сүйінші беремін», деп хабарлаған. Сонда ауыл адамдары әкемді шырылдатып қойып, түк білмеген түр жасап, әкемнің жылқыларын қорасында ұстап отырған.100 жылқы бір жылқыны 1 млн теңгеден есептесең 100 млн теңге. Оған Астананың қақ ортасынан 3 не 4 үй сатып алуға болады. Ал ең төменгі бағамен есептесең, 2 үй сатып алуға болды. Әкем өте шыншыл адам. Кісі ақысын жеп көрмеген. Барлық малдары тіркелген, тағбаланған, салығы төленген, заңдастырылған. Сонда ол жылқышы біреудің 100 млн теңгесін сіңіріп аламын деп есептеген бе? 100 жылқының сұрауы болады деп ойламаған ба?», – деп жазды Танакөз желідегі парақшасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар