Таразда тәулікке жалға алынған пәтерден полиция қызметкерінің денесі табылды, деп жазады Alash.KZ.
Пәтердің иесі бүгін тұрғын үйді тексеруге келген кезде тәртіп сақшысының асылып қалғанын байқапты.
34 жастағы полиция қызметкері пәтерді өткен кеште тәулікке жалға алған.
Полициядағы дереккөзіміздің айтуынша, Тараз қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі Е.Ш. денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде, және Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалған. Сараптамалар тағайындалды.