Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқал болғым келеді. Алматыда қалыпты екен - БЛОГЕР

15:30, 29 қазан 2024 704

Instagram желісінде ментор, жетекші деген мамандығы бар Динара Абдоллақызы тоқал болғысы келетінін, оның артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Ол Алматыда біреудің көңілдесі, тоқалы болу қалыпты жағдай екенін ерекше айтып өтті.

«Менің тоқал болғым келеді. Неге десеңіз жауапкершілігі аздау. Егер заңды некелессең сәлем саласың, таңда ерте тұрасың, таңғы ас істеп, енең мен күйеуіңнің жағдайын жасап жүресің. Маған ол мүлдем ұнамайды. Өз-өзімді жақсы көргенім соншалық, ұйқымды қандырып тұрамын. Ал тоқал болсаң сенің күтушің болады. Таңғы, түскі, кешкі астың барлығын дәмханадан ішесің. Бірақ тоқал болуыма анам қарсы. Онымен жеке қалғанда сұрап едім бірден қарсылығын білдірді. Бірден ұрсып тастады. Біз Қызылордадан болғаннан кейін ондайға қатты қараймыз. Ал Алматыда біредің көңілдесі, тоқалы болу қалыпты жағдай», — деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?