Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тойды садақаға айналдырдыңдар - Айгүл Елшібаева тағы да шулы жазба жариялады

16:33, 15 тамыз 2024 625
Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева құранмен қыз ұзатқандарға қатысты тағы бір жазба арнады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
 
Ол өзінің бұл пікірін facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
 
Ол ата-дәстүр салтында қыз баланы сыңсу әнімен шығарып салатынын еске салды. Діннен адасқандарға қазақтың садақасы мен тойына барып көрдіңдер ме деген сұрақ жолдады.
 
"Уахаптар жастайыңнан той мен садақаға барып көрмегенсіңдер ма?
Той мен садақада не айтылатынын көрмеген, білмеген, тәрбие көрмеген бәлесіңдер ме?
Уахабилік кірмелер, қызды құранмен ұзатқанды қай қазақтан көрдіңдер? Салт-дәстүрімізде қыз сыңсуын айтып елімен қоштасқан еді.
Қазақта, Абу Ханифа мазхабында, қызды ұзатуда - батамен, өліні жөнелту- қырағаттап құранмен шығарған.
 
2000-жылы Қазақстанға келген, уахаптардан бұрын, исламмен бірге өмір сүрген қазақпыз.
 
Қазақтың 14-ғасыр исламмен бірге біте қайнасқан салт-дәстүрі ұнамаса арабияға көшіп кетіңдер. Біз қазақ деген ұлтпыз.
 
Бата мен дұғаны, аятты, құран қырағатын қай жерге оқитынын айыра алмайтындарың, қазақтың салт-дәстүрін білмей, ойларыңа келгенін істеп жүрсіңдер.
 
Уахабилік идеологияға бөлінетін ақшаға, берген отчёттарың шығар, құдай білсін.
Ақыраяғында, салт-дәстүріміздегі тойды садақаға айналдырдыңдар.
 
Ислам қазаққа уахаптардан бұрын келген.
 
Не шаруаң бар, домбыра мен термеңді айтып жүре берсейші деген өзі намаздан да хабары жоқ фейк, сауатсыз қатынға жазбамды қалдырайын.
 
Менің айтып жүргенім, медреседен білім алған ақын жыраулар шариғатты насихаттайтын, жыр-терме деген , ақыл-нақыл өсиет сөздер.
 
Жыр-термеде салт-дәстүріміз, шариғат , тарихи оқиғалар насихаталады.Мен сол бұлақтың тұнбасын қанып ішкен жыршымын.
 
Қашаған жыраудың:
Атамыз Адам пайғамбар ,
Хауа ананы алғанда,
Исраил менен Мекайл ,
Некесін қиған періште-, дегенді де айтатын термеші жыршылар.
 
Қазақта жыршы-жыраулар арқылы, діндегі шариғат нормалары өлең формасымен насихатталған.
 
Осыны айтқан жыршы-жыраулар, кеңес өкіметі кезінде, дінді насихаттады деп, ит жеккенге айдалған. Тұрмағанбет ақын шошқаны адал деп айтпағаны үшін атылып кеткен.
 
Инстада арпылдап, өшірсең жекеңе апылдаған білімсіз , мектепке сумкасын көтеріп қана барған, сауатсыз қатындарға жазуға мәжбүрміз.
 
Бізді шоқындыруға келгендер, бұлардың салт-дәстүрінің өзі тәрбие деп, шоқындыра алмай кеткен.
 
Қазіргі уақытта қазақты қазақ етіп тұрған салт-дәстүріміз, қаны қазақ азаматы ұлтына жаны ашыса, салт-дәстүрін сақтасын", деді ол сөз соңында. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар