Дональд Трамп Зеленскийді "диктатор" деп атағанын мойындамады, деп жазады Alash.KZ.
Ақ үйде өткен жиында журналистер Трамптан, Владимир Зеленскийді әлі де "диктатор" деп санайсыз ба, деп сұрады.
Ал АҚШ президенті "мен солай айттым ба? Бұлай айтқаныма сене алар емеспін. Келесі сұрақ" деп жауап берді.
Бұған дейін, 19 ақпанда Дональд Трамп Владимир Зеленскийді "таңдауы жоқ диктатор" деп атаған еді. Себебі Украинада президенттік сайлау өтпеген.