Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында мектеп директорын бопсалап, ақша талап еткен блогерлер құрықталды

14:48, 13 маусым 2024 526

Түркістан облысында блогерлер мектеп директорын бопсалап, жарияланымын жою үшін 100 000 теңге беруін талап еткені хабарланды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 


Сайрам ауданы прокуратурасының бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі адамды ұсталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

"Атап айтқанда «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен", – делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер екі айға қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар