Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Уахабтар, қызды құран оқып, қайтыс болған кісіні жөнелткендей ұзатқан не масқара?!". Елшібаева қызын елден ерек ұзатқандарға шүйлікті

17:12, 14 тамыз 2024 1154
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желі парақшасында "тойды құдайы тамаққа айналдырып,қызын құран оқып ұзатқандарды" сынады. Ұзатуды өзгеше өткізгендерге шүйлігіп, "уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер" деп жазды. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады.
 
Дәстүрлі әнші "қызын құран оқып, дүниеден озған кісідей жөнелткендей ұзатқан" топқа шүйлікті: 
 
Алжыған Уахаптар! Қыз баланы құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ.
Уахаптар салт- дәстүрге қарсы болсаңдар , құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай.
Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру қимастығының белгісі.
Араптарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ.
Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар.
Уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер.
Ұлтымыздың тәрбиелі , мағыналы қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырған сатқындар.
Ислам діні, Абу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын? - деп жазды дәстүрлі әнші. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар