Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы әлеуметтік желі жұлдызына айналды

18:58, 07 шілде 2024 1064

TikTok-та Ерасыл Уалиев есімді оқушы өзінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1 балл алғанын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Желідегі видеода оқушы Ерасыл өзінің 1 балл алғанына пікір айтушыларды үш топқа бөлген.

Бірінші топ оны өзінің айтуынша “тупойсың” десе, екінші топ “не деген ақылдысың” деген, ал ендігі бір топ “бір ғана сұраққа жауап бергенсің” деп ойларын бөліскен.

Дегенмен 1 балмен антирекорд жасаған оқушы өзінің желідегі жазылушылары қазірдің өзінде мыңнан асқанын айтып, оқырмандарын ертесі күнге жоспарлаған стримге шақырып отыр.

“Айтпақшы менде стрим ашылыпты. Ертең 8-ден 9-ға дейін стримге кіріңіздер, сұрақтарыңызға жауап беремін” дейді Ерасыл.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?