Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰБТ саудагерлері. Тест деректерін көшірген оралдық екі тұрғын сотталды

15:43, 26 мамыр 2024 607

Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқан Орал қаласының екі тұрғыны сотталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ҰҚК мәліметінше, Орал қаласы сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін аталған екі азаматтың әрқайсысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Анықталғандай, сотталушылар 2021-2022 жылдары Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына қол жеткізіп, көшірген. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар