Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлт ұстазы: Сауатты адам деп қандай адамды айтамыз? Оқи да, жаза да бiлетiн адамды айтамыз

23:40, 20 тамыз 2024 581

Жалғыз əлiп-би үйретудiң өзiнде толып жатқан əдiс бар. Сол əдiстердi əр əдiсқой өзiнше өзгертiп қолданған түрлерiн сөз қылсақ, əдiс түрлерiн айтып түгесе алмас едiк. Бүтiн Жаурыпа əдiсқойларының тұтынған əдiстерiн түгендемек түгiл, жалғыз орыстың ғана əдiсқойларын алып сөз қылар болсақ, оның өзi де əлденеше сан журнал бетiн аларлық сөз болар едi, сөз созылып, ұзаруынан қашып, орыс əдiсқойларының бiрiн де өткен сандарда сөз қылмай өтiп кеттiк.

Бұған дейiн сөз болған əлiп үйрету жүзiндегi əдiстердiң негiзгi түрлерiн алып, солардың қайсысы жақсы деп сауал қояр болсақ, оған ешкiм мынасы жақсы, мынасы жаман деп кесiп айтып, тура жауап бере алмайды.

Орыс данасы Лев Толстой (бала оқытып, тəжiрибе жасаған адам): “Жақсы дерiк те, жаман дерлiк те бiр əдiс жоқ. Олақтықтың белгiсi – бiр ғана əдiстi болу; шеберлiктiң белгiсi – түрлi əдiстi болу; керек орында жоқ əдiстi табу да қолынан келу. Мұғалiм əдiстi көп бiлуге тырысу керек; оларды өзiне сүйенiш, қолғабыс нəрсе есебiнде қолдану керек* дейдi.

Толстой олай десе, өзгелердiң де тəжiрибе жасағаннан кейiн келген қарары онан алыс емес. Əдiс турасындағы басқалардың да пiкiрлерiн қорытып қысқасынан айтқанда, əр əдiс өз орнында жақсы деген пiкiр болып шығады. Бұл не деген сөз болады?

Əдiс – керекшiлiктен шығатын нəрсе. Əдiстiң жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мəселен, сауаттау əдiсiн алсақ, бiр жұрттың сауаттау iсiне қолайлы болған əдiс екiншi жұрттың да сауаттау iсiне қолайлы боларға тиiс деп айтуға болмайды. Екеуiнiң тiлiнiң заңы, емлесiнiң жүйесi бiрдей болса, бiрiне қолайлы болған əдiс екiншiсiне де қолайлы болуы мүмкiн. Егер де тiлiнiң заңы, емлесiнiң немесе əрiпiнiң жүйесi басқа болса, онда бiрiне жақсы болған сауаттау əдiсi екiншiсiне де жақсы болады деп ешкiм айта алмайды.

Кей жұрттар жазу үшiн əрiп алмаған, таңба алған. Кей жұрттар жазу үшiн əрiп алғанмен, əрiптерi тiлi өзгергендiктен бұл күнде тiлiндегi дыбыстарына сəйкес келмейтiн болған. Кей жұрттардың əуелде дыбыстрына əрiп арнауында шатақтық бар болғандықтан, сөздерiнiң жазылуы мен айтылуы екi басқа, кей жұрттардың тiлiнiң шартына қарай дыбысына сəйкестеп əрiп белгiлеуге болмайды.

Сондықтан оның да сөзiнiң жазылуы мен айтылуы арасында басқалық болады. Кейбiр жұрттардың тiлiндегi дыбыстары мен əрiптерi екеуiнiң арасында сəйкестiк күштi болғандықтан, сөзiнiң жазылуы мен айтылуы арасында да сəйкестiк күштi боладыЖазу үшiн əрiп алмай таңба алған жұрттың бiрi, мəселен, қытайМұның жазуы бiздiң таңбамыз түрлi. Бiзде ٥ ٥ (арғын), // (қыпшақ), Ψ (төре). Қытайдан (ауыз) Ǻ (ит). Ауыз таңбасы мен ит таңбасы қатар тұрса, мəселен былай Ǻ үредi” деген сөз болады. Бiздiң жазуымыз əрiпше болмай таңбаша болса, бiзде арғын таңбасы мен төре таңбасын қатар қойып / ٥ ٥ Ψ / “арғын төресi” деп оқыр едiк, қыпшақ таңбасы мен төре таңбасын қатар қойып / // Ψ/ “қыпшақ төресi” деп оқыр едiк.

Қытай жазу жүйесiнiң мысалы осы. Бұл жазуша сауаттанғандамұғалiмнiң дыбыспен де, əрiппен де жұмысы жоқ. Əр сөзге арналған таңбаны танытса, сол таңбаларды қойдыра бiлсе, қытайша оқуды дажазуды да бiлiп сауаттанғаныАуыз деген, “ит деген, “үредi” деген үшеуiнiң жазуын оп-оңай үйренiп алдық. Қытайша хат бiлу (сауаттану) қиын дейтiнқайда? Қиын жазу ұшыраған кезде, “қытай жазуы деп мазақтайтындары қайда? Жоғарыда мысалға келтiрген 2-3 сөздiң таңбасын тану да, таңбасын қою да оп-оңай емес пе? Қиындығы қайда?

Мұның оңай болып тұрғаны алған сөздiң аздығынан. Қытай тiлiндегi сөздiң саны 10, 20, 30 болса, қатта 100 болса да, қытайша сауаттану оңай болар едi. Оңай болса, сөз саны 10 мың, 20 мың, 30 мың болса, ондай көп сөздiң əрқайсысына арналған таңбасын тануға көп уақыт керек. Ондай көп таңбаны ұмытпай баста сақтау үшiнбасты көп əурелеу керек. Қытай тiлiнде 5 мың сөз болса, 50 мың таңбасын жатқа бiлгенде ғана қытайша кəмiл сауатты адам болмақОны жаттау [дың] оңай-жеңiлiн Жаңа мектеп журналының оқушылары машалай жатар, басқа жүйелi жазулардың əңгiмесiне көшейiк.

Жазу үшiн əрiп алғанмен, ол əрiптерi тiлiндегi дыбыстарына  сəйкес келмейтiн ағылшын, американ сияқты жұрттар. Бұлардың сөздерiнiң жазылуы мен айтылуы айрылып, алыс кеткендiгi соншаит деп жазып, шошқа деп оқиды деген мақал болған жазу жүйесi нақ осылардiкi.

Олардiкiнен гөрi тəуiрлеу жазу жүйесi француздiкi. Бiрақ тəуiрлеу дегенмен, мұның да оңған жерi жоқ. Мұның əуелiнде дыбыстарына əрiп арнауында шатақтық көп. Французда əрiп басына жасалған толып жатқан ереже бар; толып жатқан қосымша белгiлер бар. 26 əрiптiң 100 шамалы ережесi бар. Ол ережелерi бойынша бiр əрiп түрлi орында түрлi айтылмақшы. Кей əрiптер тұрған орнына қарай жазылғанмен, тiптi оқылмай да қалмақшы. Кей əрiптер басқа дыбыстармен қатар келген жерде тiптi дыбысынан айрылып қалмақшы. Анықтық үшiн азырақ мысал келтiрiп көрсетелiк.

“Бе ау” (beau) деп жазады, оны “бо” деп оқыды.
“орейлле” (oreille) деп жазады “орей” деп оқиды.
“мой” (moi) деп жазады, “мува” деп оқиды.
“Коин” (koin) деп жазады, “кувек” деп оқиды.
“Айгуйлле” (aiquille) деп жазады, “егуй” деп оқиды.

Тəуiрлеу деген жазу жүйесi мынау болса, мұнан жаманның жазылуы мен айтылуы арасындағы сəйкестiгi қандай болмақ. Бұл сияқты жүйелi жазумен сөздiң iшiндегi дыбыстарын айырып, дыбыстарына қарап жазуға болмайды. Олай болса, сөздiң дыбыстарын айыра бiлудiң қажетi жоқ. Мəселен, “егуй” деген сөздi “айгуйле” деп жазатын болса, ол сөздiң дыбыстарын айырудың керегi не?

Сондықтан ағылшын, америка, француз жазуларының жүйесi əрiптi болғанмен мағынасы таңба жүйелi жазуға жақын. Мұнда да сөздi дыбыстарына қарай əрiптерiн қойып жазбайды, тек əрiптерден құрап сөздiң таңбасын салады. Мұндай жазулар мен қытай жазуының арасындағы айырмасы тек таңба суретiн құрауында ғана: қытайлар сөз таңбасын əрiп деп ат қойылмаған сызықтардан құрайды, ағылшын,американ, француздар сөз таңбасын əрiп деп ат қойылған сызықтардан құрайды.

Тiлiнiң шартына қарай дыбысына сəйкестеп əрiп арнауға болмағандықтан, сөзiнiң жазылуы мен айтылуы бөлектенген жұрттың мысалы – орыс халқы. Орыс тiлiндегi дыбыстарға сəйкестеп əрiптер белгiлеу мүмкiн емес: “сақал” орысша “барада” (бородо), “сақалдар” дегенде, “борыды” (бороды) дейдi, “тырма” орысша “барана” (борона), “тырманы” дегенде “борыну” (борону) дейдi. Бiзде көпше жалғау, немесе басқа жалғау қосылғанда, тек жалғау қосылғаны болмаса, сөздiң басқа тұлғасы мен тұрпаты өзгермейдi. Орыстiкiнде ондай емес: тек жалғау қосылып қана қоймайды, бүтiн тұлға-тұрпаттарына да өзгерiс кiредi. “О” дыбысы “а” дыбысына, “а” дыбысы “ы” дыбысына орыста айналып кете бередi. Сөздiң дыбыстары сондай өзгергiш болған соң, орыс тiлiндегi сөздердiң дыбыстарына сəйкестеп əрiп алуға болмайды. Дыбысқа сəйкестеп əрiп алынбаса, сөздiң жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды.

Мұндай жазуы бар жұрттың кей сөздерiн дыбыстарына қарай жазуға болады, кей сөздердiң дыбыстарына қарамай, тек жатталған түрiнде ғана жазуға болады. Мəселен, орыстың бiр сөзiн дыбыстарына қарай жазсаң, он сөзiн жатталған түрiнде жазасың. Солай болған соң орыс жазуы сияқты жазуларға сөздiң дыбысын айыра бiлудiң керектiк жағынан керексiздiк жағы басым болып шығады. Дыбыстар мен əрiптер арасында сəйкестiк күштi болғандықтан, сөздiнiң жазылуы мен айтылуының арасында да сəйкестiгi күштi.

Жазудың мысалы бiздiң қазақтiкi мен қырғыздiкi. Бұлардың тiлiндегi дыбыс басына арналып əрiп алынған, əрiп таңылған дыбыстан қайда тұрса да айырылмайды. Сөздерi жазылғанда көбiнесе-ақ сөзiнiң iшiнде естiлетiн дыбысына қарай жазылады. Орыста бiр сөз дыбысына қарай жазылып, он сөз дыбысына қарамай жазылатын болса, қазақта он сөз дыбысына қарай жазылып, бiр сөз ғана дыбысына қарамай жазылады.

Солай болған соң бiзде сөздiң iшiндегi дыбыстарын айыра бiлу өте керек. Сөздiң дыбыстарын дұрыс айыра бiлiп, оларға арналған əрiптердi қоя бiлудiң өзiмен де үйренушi емлемiздiң аз болса 60-70%-iн бiлiп қалады. Бiздiң жазу жүйемiзбен ағылшын, америка, француз жазу жүйесiнiң арасы алыс. Олардiкi қытайдың таңба жүйелi жазуына жақын. Он сөзiнен бiр сөзiнде де болса сəйкестiк бар, бiзге бiртабан жақын жүйелi жазу орыстiкi. Онан да гөрi бiзге жақын жүйелi жазу италиянiкi дейдi (оның да сөзiнiң жазылуы мен айтылуы арасында сəйкестiк көп деп айтылады).

Сүйтiп жоғарыда айтылған сөзден мынадай нəрсе байқалады: Əуелi жазу екi негiздi екендiгi: 1) таңба негiздi, 2) əрiп негiздi. Екiншi əрiп негiздi жазулардың емле жүйелерi түрлi-түрлi болатындығы. Үшiншi, емле жүйелерiне қарай, əрiп негiздi жазулардың таңба негiздi жазуға жақыны да, алысы да бар екендiгi. Осы күнгi қолданып отырған емлелердiң бəрi төрт жүйеге бөлiнедi: 1) таңбаша жүйе, 2) дағдыша (тарихша) жүйе, 3) туысша жүйе, 4) дыбысша жүйе.

Таңбаша емле – таңба негiздi жазумен тəртiптес, негiздес емле, мəселен, қытайдiкi. Дағдыша емле – баяғыдан берi жазып келе жатқан қалыпты қолданып отырған емле, мəселен, ағылшынша. Туысша емле – сөздiң тек басына қарамай, басқа түбiрлес, туыстас сөздердiң де айтылуына қарайтын емле, мəселен, орысша. Дыбысша емле – сөз дыбыстарының естiлуiнше жазу жолын қолданатын емле, мəселен, италиянша, немiсше, қазақша. Бұл айтылған емле жүйелерiнiң бəрi де - əрiп негiздi жазулардың емле жүйелерi. Бұлардың бiреулерi таңба жүйелi жазуға жақын болатыны көрiнiп тұр. Сөздiң айтылуы мен жазылуының арасын алыстаған сайын емле тəртiбi таңба негiзiне жақындамақшы.

Сөздiң айтылуы мен жазылуының арасындағы сəйкестiк күшейген сайын емле тəртiбi таңба негiзiнен, алыстай бермекшi. Емле тəртiбiнiң жүзiндегi жақындық, алыстық сауаттау əдiсiнiң жүзiнде де болмасқа мүмкiн емес. “Ауыз” деген сөздi мынадай (=) таңбамен жазатын қытай
дыбысы əдiспен үйретер ме? Ондай таңба салмағанмен, “ит деп жазып шошқа деп оқыған” сияқты “мой” деп жазып “мува” деп оқитын емле тəртiбi бар. Ағылшын, американ, француз сынды жұрттарға дыбысты əдiстi қолдану қолайлы бола ма? Олар түгiл, “борода” депжазып “барада” деп оқитын емле тəртiбi бар орыс сияқты жұрттарға да дыбысты, əдiстi қолдану қолайсыз болатын орындары көрiнiп тұр.

Солай болған соң бұлардың бəрi де сөздi таңбаша жазып отырған соң, немесе таңбаша жазуға жақын түрде жазып отырған соң, таңбаша үйрету əдiсiн қолданып отыр. “Тұтас сөз” əдiсi деген сол “таңбаша үйрету” əдiсi болады: бұл əдiсше əрiппен жазылған сөз таңба мағынасында көрсетiлiп, таңба есебiнде үйретiледi.

“Сақал” деп жазып, “сақал” деп оқитын, “тырма” деп жазып, “тырма” деп оқитын дыбысша емлесi бар қазақ, қырғыз сияқты жұрттарға дыбысты əдiстi қолдану тиiстiгiне дау болмасқа керек едi, үйтскенi – басқа да дабысша емлесi бар жұрттар дыбысты əдiстi қолданып оты. Мəселен, италиян жұрты. “Тұтас сөз” əдiсiн мəнiспен қолданып отырғандарына назар салмай, тек басқалар қолданып жатқанда, бiзге де қолдану керек  деушiлер бар. Рас, “тұтас сөз” əдiсiн бiзге қолдануға болады. бiрақ бiз ағылшын, американ, француздарша шарасыздықтан, ең болмағанда орыс қадары мұқтаж болғандықтан, оны қолданбаймыз, дыбысты əдiспен үйретуден “тұтас сөз” əдiсiмен үйрету қолайлырақ. Оңайрақ болса, қолданамыз. Олай болса, əуелi қайсысы қолайлы деген сауал қойып, соған берiлген жауапқа қарай қайсысын қолдану тиiстi болатындығын айту жөн. Сауаттауға қайсысын қолайлы десек те, қолайлылығын сипаттайтын тиiстi дəлелдерi боларға керек. Сауаттауға əдiстерiн тексеру үшiн, əуелi, сауаттылық дегеннiң не нəрсе екенiн, оның негiздiк жағы қайсы, негiздiк емес жағы қайсы, онысын ашып алу керек.

Сауатты адам деп қандай адамды айтамыз? – Оқи да, жаза да бiлетiн адамды айтамызСауаттылық негiзi оқу ма, жазу ма мұны ашсақ, сауаттау əдiсқайсысынiкi болатынын да ашамыз, үйткенi – сауаттылықтың негiзi не нəрсе болса, сауаттау əдiсi де соныкi болу керекОқи бiлiп, жаза бiлмейтiн адам бола ма? – болады. Ескiше үйренгендердiң көбi-ақ оқи бiлiп, жаза бiлмейтiнОндай адамдарды толық сауатты деуге бола ма? – БолмайдыОндайлар шала сауатты адамдарЖаза бiлiп, оқи бiлмейтiн адам бола ма? – Жоқ. Жаза бiлетiндер оқи да бiледi. Олай болса сауаттылық негiзi оқу бола ма, жазу бола ма-Əрине, жазу болады.

Сауаттылық негiзi жазу екендiгiн сауаттылықтың шыққан жолы да көрсетедi. Сауаттылықты оқу мұқтаждығы тудырмаған, жазу мұқтаждығы тудырған. Мұқтаждық жазуды тудырған, оқу жаза бiлумен бiрге қосыла бiлiп кететiн қосалқы күйдегi асылы жазу болып, оқу соның бетiндегi нəрсе болып шығадыОсы айтылғандардың бəрi сауаттылық негiзi оқу емес, жазу екендiгiн сипаттайтын дəлелдерСауаттылық асылы оқу болмай, жазу болса, сауаттау əдiсiнiң де асылы оқудiкi болмай, жазудiкi болу керекОл не деген сөз болады? – Ол сауаттау əдiстерiн сынағандаоларға оқу үйрететiн əдiс деп қарамай, жазу үйрететiн əдiс деп қарау керек деген болады, жаза бiлдiруге қолайлы əдiс оқи бiлдiруге де қолайлы болады, үйткенi негiздiк нəрсе жазу, оқу жаза бiлумен бiрге қосыла кететiн қосалқы күйдегi нəрсе.

Жаза бiлу үшiн тiлдегi дыбыстарды тани бiлу керек. Ол дыбыстарға арналған əрiптерiн тани бiлу керек. Таныған əрiптерiн жаза бiлу керек. Жазған əрiптерiн дыбысымен атай бiлу керекƏрiптердiң бəрiн шапшаң жазуға жарағанда, жазған əрiптерiн атауға жарағанда, екiншi түрде айтқанда шапшаң жаза бiлгендешапшаң оқи бiлгенде сауаты ашылды, сауатты адам болды деймiзСауаттау əдiсi дегенiмiз соны бiлдiруге жұмсалатын түрлəдiстердiң шумағы боладыЖазу - əрiптердiң сүгiретiн сала тiзу; оқу - əрiптердiң дыбыстарын айта түзуƏдiсiн алғанша қай iсте болса қиын болады. Əдiс алған соңқайсысы да болса оңайланады. Iстiң шапшаң iстелу күйге жетуi, қайта-қайта iстелiп, дағдыға айналған кезде болады.

Сауаттану жас балалардың жүруге үйренгенi мысалды: бастапқы кезде балалар аяғын бiр басып, бiр тұрады, онан соң апыл-тапыл басып жүруге жарайды. Онан кейiн ақырын да болса кəдiмгiдей жүретiн болады. Онан əрi жүргiруге жарайды; жүгiруге жарағаннан əрi жарысқа түсiп, жүрiстi өнер есебiнде қолдану даражаға жетедi. Балалар түгiл үлкендердi алсақ, олардың да бiр нəрсемен жүруге үйрету жолы нақ əлгiдей. Ши-аяқпен сырғанақ тебуге үйренгенде, үрелiкпен немесе белесепетпен жүруге үйренгенде, бiрден сырғытып кете алмайды. Бастапқы кезде жүру əдiсiн алғанша, олар да балалар секiлдi өз денесiн өзi билей алмайды, мүшелерi өзiне көнбеген сияқты, өзi жұмсаған жағына жүрмеген сияқты болып, əр iсiн бөлек-бөлек аңдап, əр қозғалысын бөлек-бөлек алып, санап iстеген сияқты болады.
 
Əдiсiн алғаннан кейiн батылырақ қимылдайтын болады, онан əрi батылырақ жүретiн болады, онан соң қалай болса солай жүретiн болып əбден төселедi, төселгеннен əрман (қарай) басқалармен жарысып өнер салыстырарлық даражаға жетедi. Сол сияқты сауаттанарда балаларға болсын, үлкендерге болсын əдiсiн алғанша сөздiң iшiндегi дыбыстарын танып, айырып шығару да қиын, бөлек-бөлек дыбыстарды құрап-қосып сөз қылып айту да қиын.
Əдiсiн алғаннан кейiн айырудың да, қосудың да қиындығы жоғалады. Онан əрi тек жаттығу, төселу ғана қалады. Жаттығу, төселу үшiн iстiң қайта-қайта iстелуi ғана шарт. Жазу да, оқу да бiр iстелiп қана қойылатын iс емес, мектепте күнде керек болып, күнде iстелiп отыратын iс.
 
Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгiл, əрi барған сайын қайсысында да болса өнер түрге айналдырып, əдемiлеп жазу, безендiрiлiп оқу қолынан келетiн болады. Сауаттау əдiсiнiң қызметi жазу мен оқу əдiсiн алғанша бастапқы кезде болатын қиындықты кемiту, не жоғалту үшiн, жүруге үйренгенде балаларға беретiн сүйенiш арба сияқты, ши-аяқ тебуге үйренгендерге беретiн сүйенiш шана сияқты көмек беру. Ендi үйрету табиғи жөнiмен жүрiп, үйрену əдiсiнiң жолымен жүрiп отырып, дыбысты əдiс пен тұтас сөздi əдiстiң жолдарына келейiк.
 
Дыбысты əдiспен үйрету жолы - əлгi айтылған үйренушiге сүйенiш арба, сүйенiш шана берiп үйрету жолы. Мұнымен үйренетiндер жүру əдiсiн алмай тұрғанда, бойын билей алмағандық тан арбамен, шанаға сүйенiп қозғалған сияқты жылжиды. Соларға сүйенiп жүрiп бойын үйретiп, мүшелерiн жаттықтырып əдiсiн алу сияқты болады. Бiрақ аяғын бiр басып, екi басып, ақырын жылжыса да, өздiгiнен өз мүшелерiн жұмсаса, өз денесiнiң қуатымен жылжиды. Бұлай жылжыған уақыт əр қимылды мүшелерi өзi iстеп, өзi басынан кешiрiп сезiп, түйiп отырғандықтан, қимыл тетiгiн тез аңдап, əдiсiн тез алады.
 
Дыбыс əдiспен үйрету жолы – мысалмен түсiндiрiп суреттегенде, осы болып шығады. Тұтас сөздi əдiспен үйрету жолына келсек, ол – арбаны өзiне берiп, соған сүйендiрiп, өзiн қозғалтып, өзiн жүргiзiп үйрету емес, арбаға тiркеп, бiреу сырғытып жүргiзiп жiберiп отырып үйрету сияқты. Немесе шанаға тiркеп, бiреу сырғанатып жiберiп отырып үйрету сияқты. Өз күшiмен жылжымай, басқаның күшiмен бара жатқан соң, сырттан қарағанда жүре бiлмейтiн баланың жүрiсi жүре бiлетiн баланың жүрiсi сияқты көрiнедi. Ши-аяқ тебе бiлмейтiн адамның сырғанағаны тебе бiлетiн адамның сырғанағанындай болып көрiнедi. Бiрақ жүргiзiп жүрген қуат бiткен жерiне дейiн барады да, одан əрi жылжымай тұрып алады, жылжу үшiн əрдайым бiреудiң күшiн керек қылады. Үйткенi əрбiр жүрiп келген жерiне өз денесiнiң қуатымен жүрiп келмейдi, бiреудiң жүргiзген қуатымен келедi. Мұнда дайым бiреу жүргiзiп, басқаның қуатымен қозғалып отырған соң, өз санасының iсiмен жұмысы өз денесiнiң қуаты аз қатысқандықтан, қимыл тетiгiн тез таңдап, əдiсiн тез ала алмайды.
 
Тұтас сөздi əдiспен үйрету жолы – мысалмен түсiндiргенде осы болады. Осындай мысалға келтiрген жүруге, сырғанақ тебуге үйрету əдiсiнiң екi жолын сауаттау əдiстерiнiң мысалына алмай, жас баланы жүруге, үлкендi ши аяқ тебуге үйретудiң əдiсi болған нақ өз қалпында алып сынға салсақ, жүрумен сырғанақ тебудi үйретуге жоғарғы екi əдiстiң қайсысы жақсы дер едiк?
 
Əрине, алдыңғысы жақсы екендiгiне дау жоқ. Солай болған соң алдыңғы əдiске ұқсас дыбысты əдiстi, соңғы əдiске ұқсас тұтас сөздi əдiстi екеуiн де ешбiр тiлге, емлемен əлiп-би жүйелерiне матастырмастан өз алдына оңаша тұрған күйлерiнде алып тек қана асылын тиiсiнше тексерiп қарасақ, дыбысты əдiспен үйрету жолының артықтығы да даусыз нəрсе болып шығады.
 
Егерде тұтас сөздi əдiстi дыбысты əдiспен төмен бола тұрса да, керек қылатын болсақ, онда басқа жұрттардiкiндей тiлiмiздiң, емлемiздiң, əлiп-биiмiздiң жағдайына қарай, шарасыз керек қылатын орнымыз боларға керек. Ондай шарасыз керек қылатын орнымыздың бар-жоғы қазақша сауаттау əдiсiн көрсеткен кезде бiлiнбекшi. Келесi əңгiмелерiмiз қазақша сауаттау əдiсi туралы болмақшы.
 
Басқарма. Жазушының дыбыс əдiсi мен тұтас сөз əдiсiн сынаған ойларына, көз қарасына басқарма қосылмайды. Ол ойларын бiр жақты, жаңылысы бар деп бiледi. Мұндай мəселе əлi қазақ оқытушыларына соны болғандықтан, бұл мақалы пiкiр алысу ретiнде басылып отыр. Əдiс жұмысымен таныс адамдар, педагогтар бұл туралы пiкiрiн жазуын өтiнемiз. Басқарма соңғы нөмiрлердiң бiрiнде өз ойын жазбақшы. (“Жаңа мектеп”, 1928, № 4, 3-11 б.).
 
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
 
"Қай әдіс жақсы?" мақаласынан
 
Alash.kz ұлттық порталы

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар