Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұрмаңдаршы деп жалынған». Қызылордада қаза тапқан оқушыға қатысты тың дерек шықты

20:52, 22 мамыр 2024 1611
Қызылорда облысы,Төңкеріс ауылындағы 9-сыныптың оқушысы Ерасыл Төребайдың балалардан таяқ жеген соң көз жұмғаны айтылды. Баланың анасы телеарнаға сұхбат беріп, оқиғаны баяндап берген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Ерасыл Төребайдың анасы Сәуле Жақсылықова сол күні болған оқиғаны баяндап берді. 

«Информбюро» бағдарламасына сұхбат берген Сәуле Жақсылықова баласы демалыс күні кешке достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан дейді.

«Балалардың бәрін қатарынан тұрғызып қойып ұрған екен. Сонда балам «ұрмаңдаршы, менің денсаулығым жоқ, ұрмаңдаршы» деген. Соны біліп тұрып, соны ести отырып, ұрған ғой», - дейді жанары жасқа толған Сәуле Жақсылықова.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Ерасыл Төребайдың өліміне қатысты екі оқушыны қамауға алған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар