Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Халық аш-жалаңаш, ал Мадинанікі - мақтампаздық". Меруерт Түсіпбаева Мадина Сәдуақасованың әрекетін сынады

11:24, 10 шілде 2024 1255

Әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесі Мадина Сәдуақасованының әрекетін "асыра сілтеу және мақтампаздық" деп бағалап, сынап тастады. Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне орай салоннан су жаңа әрі аса қымбат көлік сатып әпергенін жалпақ жұртқа көрсеткен еді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.  

Әнші,актриса Меруерт Түсіпбаева баласына аса қымбат көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасованың әрекетін "асыра сілтеу және мақтампаздық" деп бағалап, сынап тастады. Сонымен қатар, әріптесінің бұл әрекеті үшін ұялып отырғанын жеткізді:

"Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялды жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүріпті. Бір көше жетпей тоқтап, ары қарай жаяу барған. Маған да "Мама, машинаны желіде салмашы" дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ", – деп жазды әнші.

Естеріңізде болса,Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына қымбат көлік сыйлаған еді.

Әнуар машинасын ауыстырды. Су жаңа 2024 жылғы екен. Ойлап қалмаңыз өзі рөлге отырады деп. Әрі-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық.

Салондағы менеджерлер Расул мен Санжарға алғысымызды айтамыз. Бәрі жоғары деңгейде болды. Нөм3рін де алдық. Құтты болсын, жаңа көлік! Туған күн жалғасып жатыр. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын!” – деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, оқушыға қымбат көлік алып берген отандық әншіні сынап жатыр.

“Құны 42 миллион теңге екен”, “Көлік сыйлағанша, бауыр сыйлаңыз”, “Қаншама адам аш, үйсіз отыр. Мақтанып елге көрсеткені несі?!”, “Баланы жасынан ерте желпітіп керек емес сияқты, артық қой мынау»,«Бұл енді қателік. Баланы жақсы көрудің де орны бар. 10 жастағы балаға артық бұл сыйлық», «Бала не нәрсенің қадірін біліп, табан ет, маңдай тер деген нәрсені біліп өсу керек», «Құтты болсын. Темір тоза берсін. Ғұмыры тозбасын. Қызық қуанышқа мінсін», – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар