Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Наурыз тойы Астанада қалай тойланады?

13:53, 21 наурыз 2024 410

Биыл елордада Наурызды мерекелеу қаланың бес ауданындағы барлық ашық алаңдарда, соның ішінде тұрғын алаптарда өткізіледі. Мереке күндері 21-23 наурызда қаланың басты алаңдарында халықтық мерекелер өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, елорданың орталық алаңында, Қазақ елі мен Бәйтерек монументтерінің жанында, Астаналық саябақ аумағында және EXPO алаңында таңертеңнен бастап мерекелік музыка шырқалады, дәстүрлі тағамдар дайындалады, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді, жеңімпаздар үшін бағалы сыйлықтар мен естелік сыйлықтар көзделген. Қатысушылар гір көтеру, армрестлинг, арқан тарту, асық ату, қазақ күресі, кой котеру және т.б. жарысады.

Барлық бес нүктеде киіз үйлер тігілді, онда жәрмеңке өтіп, сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдары қойылады. Алаңдарда қазақстандық эстрада жұлдыздары, қалалық ұжымдар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ұлықпан Жолдасов, "Заман" тобы, Әділет Жауғашар, Аука, Бейбіт Қорған, Қанат Үмбетов, Абай Бегей, Әлішер Кәрімов және басқалары бар.

Ашық алаңда түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақандар ұйымдастырылды.

21-22 наурыз күндері сағат 12:00-ден бастап аудан әкімдіктерімен бірлесіп Алматы ауданының 12 тұрғын алабында және Байқоңыр ауданының 8 тұрғын алабында, Сарыарқа ауданының 4 алаңында, Есіл ауданының 4 алаңында, сондай-ақ Нұра ауданының 4 алаңында мерекелік іс-шаралар өтеді.

21 наурыз күні сағат 13.00-ден бастап ЕХРО халықаралық көрме орталығының аумағында "Наурыз базары" Шығыс жәрмеңкесі жұмысын бастайды. Жәрмеңкеге келушілер этностиль киімдерін, зергерлік бұйымдарды, керамикадан, металдан, киізден, жібектен жасалған қолдан жасалған бұйымдарды, түрлі кәдесыйларды сатып ала алады. Әртүрлі елдерден шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің өнімдері қол жетімді болады. Жәрмеңке 21 наурызда сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін, 22 және 23 наурызда 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мерекені ұйымдастыруға тұрғындар да қатысады. Сонымен қатар ПИК-тер мерекені тұрғын үй кешендерінің аулаларында атап өтеді.

Айта кетейік, биылдан бастап Қазақстанда Наурыз 10 күн аталып өтеді. Наурызнамның онкүндігінің әр күнінің өз мәні бар, ол мейірімділікті, руханилықты, ынтымақтастықты, жасампаздықты, жаңаруды бейнелейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар