Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілген. Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен екен.
“Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды”, – делінген хабарламада.