Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерте жастағы жүктілік пен зорлық: Мектепке “жыныстық тәрбие” пәні қажет пе?

17:52, 12 наурыз 2025 110

Мектептерде «жыныстық тәрбие» пәні қажет пе? Бүгін осы тақырып аясында министрлікте біраз сұрақ талқыланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Балаларды қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелеріне арналған сенаттағы дөңгелек үстел барысында оқушылардың жыныстық тәрбиесі туралы сұрақ қайта көтерілді.

Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанда «жыныстық ағарту» пәнін мектеп бағдарламасына енгізу жоспарланып отырған-отырмағанын айтты.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда мектептерде бұл тақырыпқа жалпы түсінік беріледі, алайда жыныстық мәселелер терең талқыланбайды.

«Оқу бағдарламасы аясында оқушыларға адамгершілікке негізделген жыныстық тәрбие, репродуктивті денсаулық пен гигиена мәселелері оқытылады. Біз балаларды осы бағытта тәрбиелік жұмыстар арқылы ақпараттандырамыз. Барлық мектептерде бірыңғай тәрбие бағдарламасы бар, оның аясында оқушыларға жыныстық тәрбие беріледі. Бірақ біз жыныстық ағартумен арнайы мамандар айналысуы керек деп санаймыз», – деді ол парламент кулуарында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар