Военно-Антоновка ауылында көкпар ойыны кезінде ойыншы қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz 24.kg сайтына сілтеп.
Бұл бүгін, 12 наурызда, Военно-Антоновка ауылында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған көкпар ойыны барысында болған.
44 жастағы спортшының көкпар ойыны кезінде қаза болуына байланысты алдын ала тергеу басталды.
Бұл туралы 24.kg сайтына елорданың Ленин ауданы ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
Ленин ауданы ІІБ мәліметінше, спорттық шараны көкпар ұлттық ойындар федерациясы ұйымдастырған. Оқиға Сокулуктың «Борулу» және Оштың «Бүркүт» командаларының кездесуінде орын алған. Ойын басталғаннан кейін шамамен 10-15 минут өткенде спортшы Мирлан Сраждинов атпен соқтығысып, есінен танып құлаған.
Ойын дереу тоқтатылып, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Факт Ленин ауданы ІІБ ақпаратты есепке алу журналына тіркелді. Алдын ала тергеу басталды.
Мирлан Сраждинов Сокулуктың «Борулу» командасының сапында өнер көрсеткені белгілі.